Қарашада коронавирус жұқтыру 2,8 есеге азайған

30 Қараша 2021, 09:58
751
Бөлісу:
Қарашада коронавирус жұқтыру 2,8 есеге азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов хабарлады. Оның айтуынша, жалпы республика бойынша вирустың репродуктивтік саны 0,91-ді құрайды.

Еліміздің аумағында ПТР тесттің оң нәтижесімен коронавирустық инфекцияның 971 541 жағдайы және ПТР теріс нәтижесімен 82 550 жағдай тіркелген, науқастардың 95%-дан астамы емделіп шықты. Тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендеу байқалады, - деді Марат Шоранов.

Сондай-ақ соңғы мәліметтерге сүйенсек, «қызыл» аймақта Солтүстік Қазақстан облысы қалып отыр.

5 өңір – Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар және Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта тұр. Қазақстан Республикасы және қалған 11 өңір «жасыл» аймақта орналасқан. Олар: Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары, Алматы және Шымкент қалалары. Жалпы Қазақстанда соңғы айда сырқаттанушылық 2,8 есеге, стационарлық науқастар 1,5 есеге, амбулаториялық науқастар 2,0 есеге төмендеді, - деп атап өтті вице-министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 4,2 есе қысқарғаны туралы айтқан болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы