Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 4,2 есе қысқарған

30 Қараша 2021, 09:50
1001
Бөлісу:
Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 4,2 есе қысқарған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов хабарлады. 

Оның айтуынша, елімізде коронавирус инфекциясына қарсы емдеуді жалғастырушылар саны азайған.

Республика бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің қамтылуы 56%-дан 29%-ға дейін, реанимациялық төсектердің қамтылуы 45%-дан 23%-ға дейін төмендеді. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар. Соңғы үш айда науқастар саны 113 155 науқастан 26 472 науқасқа дейін, яғни 4,2 есе қысқарды, - деп атап өтті Марат Шоранов.

Сондай-ақ вице-министр дүние жүзіндегі эпиджағдайға да тоқталып өтті.

Әлемде КВИ-дің 261 млн астам жағдайы тіркелген. Тәулігіне 300 мыңнан астам адам індет жұқтырып алып жатыр. 5,0 миллионнан астам адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде сырқаттанудың өсу тенденциясы әліде жалғасып жатыр, - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін 10 мыңға жуық қазақстандық ревакцинацияланғаны туралы айтқан болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы