Карантинді жеңілдету: Тоғжанов елордада санитарлық талаптың сақталуын тексерді

24 Тамыз 2020, 19:38
1472
Бөлісу:
Карантинді жеңілдету: Тоғжанов елордада санитарлық талаптың сақталуын тексерді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тексеру Mega Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында, «Эталон» сауда-құрылыс базарында және Нұр-Сұлтан қаласының орталық базарында жүргізілді.

photo5341670862513876407.jpg

Бүгін, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, Денсаулық сақтау министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің өкілдерімен қатаң карантиндік шектеу шараларын жеңілдетудің бірінші кезеңі аясында, өз қызметін қайта бастаған бірқатар нысанның санитарлық-эпидемиологиялық және термометрия талаптарының сақталу барысын тексерді.

photo5341670862513876409.jpg

Сауда нысандарын аралау барысында, кәсіпкерлер сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс режимін сағат 22.00-ге дейін, ал базарлардың жұмыс режимін сағат 20.00-ге дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру жөнінде бастама көтерді.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Денсаулық сақтау министрлігіне жақын арада өтетін COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-да сауда нысандарының жұмыс уақытын ұлғайту бойынша кәсіпкерлердің барлық ұсынысын шығаруды тапсырды.

Елордалық нысандарды аралау қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов кәсіпкерлерді сауда нысандарындағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ, азаматтарды өздерінің және жақындарының денсаулығына мұқият болуға шақырды. Өз кезегінде, кәсіпкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметіне бизнеске қолдау көрсеткені және қамқорлығы үшін алғыс айтты, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы