Карантинде 30 онлайн-концерт өткізіп үлгердік - министр

24 Сәуір 2020, 12:22
1923
Бөлісу:
Карантинде 30 онлайн-концерт өткізіп үлгердік - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова карантин кезіеде атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты.

Төтенше жағдай енгізілген күннен бастап елімізде барлық мәдени, спорттық іс-шаралар тоқтатылды. Біз соған қарамастан жұмыстың жаңа форматын енгізіп, онлайн-режимге көштік. Азаматтардың рухани, мәдени және моральдық бай болуы үшін  халықтың өзін-өзін оқшаулау кезеңін тиімді өткізуіне тырысып жатырмыз. Сахналық шығармаларды, музейдегі тарихи жәдігерлерді, кітап қорларын, фильмдерді алдын-ала цифландыру жұмыстарының нәтижесінде карантин кезінде халыққа ұсынуға мүмкіндік болды, - дейді Ақтоты Райымқұлова.

Ол осы ретте мәдениет және спорт министрлігі "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп әзірлеген "Карантиндегі жұлдыз" онлайн-жобасы халық тарапынан жақсы қолдау тапқанын айтты.
Жоба іске қосылған сәттен бастап қазақстандық өнер жұлдыздарының қатысуымен 15 миллион көрерменге дейін қамтитын 30 онлайн-концерт өткізілді. Республикалық ұйымдармен қатар, өңірлердегі мәдениет мекемелері де онлайн-форматтағы іс-шараларды іске асыра отырып, шығармашылық қызметте жаңа тыныс алып келеді. Жалпы, карантин басталғалы бүкіл республика бойынша онлайн-режимде шамамен 15 мың іс-шара өткізіліп, 30 млн-ға жуық адам қараған. Жүргізілген талдаулар біздің азаматтарымыздың жүзеге асырылып жатқан әр түрлі жанрлық жоба мен іс-шараға қызығушылық танытатынын көрсетті. Мәселен, бір ғана онлайн-концерт 1 миллион адамға дейінгі аудиторияны жинай алды, - дейді министр.

Тоқаев қолдап өзі оқыған кітаптарының тізімін жариялаған министрліктің Instagram желісіндегі "Оқырман кітабы қандай?" челлендж туралы айтты.
Бұл челленджді қазақстандық мәдениет қайраткерлері бастап, мемлекет басшысы қолдау көрсетті. Сол арқылы әркім өзі оқып жатқан кітаптарды, газеттер мен журналдарды жариялап, челленджді басқа адамға жолдайды. Сол секілді уақытын кітап оқып өткізгісі келетіндер үшін www.kazneb.kz (http://kazneb.kz/) порталында 24/7 режимінде Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы жұмыс істеп келеді. Ол әрбір қазақстандық үшін тұратын жеріне қарамастан қолжетімді, - дейді Ақтоты Райымқұлова.

Өзгелердің жаңалығы