Карантин, жұмыссыздық, өрт, апат, қақтығыс. 2020 жылдан тағы не күтуге болады?

20 Қазан 2020, 13:52
2202
Бөлісу:
Карантин, жұмыссыздық, өрт, апат, қақтығыс. 2020 жылдан тағы не күтуге болады?
EX PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жыл басталғалы адамзатқа оңай тиіп келе жатқан жоқ. Табиғат, әуе апаттары мен мемлекетаралық түсінбеушілік пен қақтығыстар жиіледі. Жылдың басты оқиғасы коронавирус әлем үшін «көппен көрген ұлы той» болды.

Австралиядағы өрт

Карантин, жұмыссыздық, өрт, апат, қақтығыс. 2020 жылдан тағы не күтуге болады?

Австралиядағы өрт 2019 жылдың қарашасында басталған еді. Алайда 2020 жылдың басында өрт қарқыны күшейіп тілсіз жау Аргентина мен Чилиге жетті. Тілсіз жау 1 миллиардқа жуық жануарды жалмады. Өртпен күреске 3 мың резервист жұмылдырылды. Ел билігі өрттен кейін қалпына келтіру жұмыстарына 1,4 миллиард доллар бөлуді жоспарлаған. Бірақ сома өсуі әбден мүмкін. Процесс шамамен екі жылға созылуы керек.

Иранның әйгілі генералының қазасы

Карантин, жұмыссыздық, өрт, апат, қақтығыс. 2020 жылдан тағы не күтуге болады?

Жылдың басында Иранның әскери стратегі, сыртқы саясат идеологы генерал Касем Сулеймани АҚШ-тың әуе шабуылынан қаза табады. Сулеймани – Иран үшін ұлттық батыр. Оны ақтық сапарға шығарып салуға мыңдаған адам жиналды. Ал генерал Касем Сулейманидің өліміне қатысы бар деп айыпталған жергілікті тұрғын өлім жазасына кесілді.

Сотталған - Сейд Махмуд Мусави Ислам революциясының күзет корпусында жоғары лауазымды атқарды. Ол шетелдік барлаумен (соның ішінде ЦРУ) ынтымақтастық жасаған. Ол Иранның күш құрылымдары туралы, атап айтқанда Сүлейманидің қызметі мен орналасқан жері туралы ақпарат берді деп айыпталды.

Украина ұшағының құлауы

Карантин, жұмыссыздық, өрт, апат, қақтығыс. 2020 жылдан тағы не күтуге болады?

Тегераннан Киевке ұшатын «Украинаның халықаралық әуе жолдарының» ұшағы 8 қаңтар күні таңертең ұшып шыққаннан бірнеше минут өткен соң құлайды. Бортта 176 адам болып, оның барлығы қаза тапты.

Бастапқыда Иранның Азаматтық билігі әуе кемесінің техникалық себептермен апатқа ұшырап, ұшақтың атылуы мүмкін екенін жоққа шығарды. Сонымен қатар батыс елдерінің бірқатар көшбасшысы барлау мәліметтеріне сүйене отырып, ұшақты Иранның әуе қорғанысы атып тастады деп мәлімдеді.

Апаттан 3 күн өткен соң Иран билігі 752 рейсін әуе қорғаныс күштері «адам қателігі» салдарынан АҚШ-тың Ирактағы америкалық әскери нысандарға Иранның зымыран соққысына ықтимал жауап беруіне байланысты Қарулы Күштердің жоғары жауынгерлік дайындығында атып түсіргенін мойындады.

Апаттан кейін бірқатар мемлекет пен әуекомпания Иран мен Ирактың үстінен рейстерді уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

752 рейсінің апаты украин авиациясының бүкіл тарихындағы ең үлкен оқиға болды. Ол сонымен қатар авиация тарихындағы ең үлкен 50 апаттың қатарына енді.

COVID-19

Карантин, жұмыссыздық, өрт, апат, қақтығыс. 2020 жылдан тағы не күтуге болады?

COVID-19-коронавирус инфекциясының қазіргі жаһандық пандемиясы. Ауру алғаш рет Қытайдың Ухань қаласында 2019 жылдың желтоқсан айында тіркелді. 2020 жылдың 30 қаңтарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл індетті Халықаралық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай, ал 11 наурызда пандемия деп жариялады. 2020 жылғы 26 қыркүйектегі жағдай бойынша пандемия кезінде 188-ден астам ел мен аумақта 40,3 миллионнан астам жағдай тіркелді. 1 миллионнан астам адам қайтыс болды және 27,6 миллионнан астам адам індеттен кейін қалпына келді. Пандемияның алғашқы толқынын әлем адам шығыны болса да, еңсере алды. Қазір бар әлем оның екінші толқынына дайындалып жатыр. Көп ел локдаун енгізіп, шекараларын ашпай отыр. Себебі күзде жіті респираторлық вирусты аурудың өршитін кезеңі. Коронавирус та асқынып кетуі әбден мүмкін.

Таулы Қарабақтағы қақтығыс

Карантин, жұмыссыздық, өрт, апат, қақтығыс. 2020 жылдан тағы не күтуге болады?

Әзербайжан мен Армения арасында Таулы Қарабақ үшін қақтығыс қайта жанданды.

Қақтығыстар 27 қыркүйек күні таңертең Таулы Қарабақ пен Әзербайжан Қарулы Күштерінің байланыс желісінде басталды. Екі жақ та әскери және бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар туралы хабарлады. Әзербайжанның бірқатар ауданында өз кезегінде әскери жағдай мен коменданттық сағат жарияланды. 28 қыркүйекте Армения 18 жастан асқан жұмылдыру резервінің барлық ер адамына елден кетуге тыйым салды. Ал Әзербайжан ішінара жұмылдыруды жариялады. 29 қыркүйекте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Таулы Қарабақтағы жағдай бойынша шұғыл кездесу өткізді. Екі тарап та гуманитарлық мақсатта келісімге келу туралы жарияласа да, көп ұзамай оның бұзылғанын айтып жатты. 27 қыркүйек пен 13 қазан аралығында 42 бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы 206 адам жарақат алды, 1479 үй, 66 көппәтерлі ғимарат және 241 азаматтық нысан жарамсыз болып қалды.

Бішкектегі жаппай тәртіпсіздік

Карантин, жұмыссыздық, өрт, апат, қақтығыс. 2020 жылдан тағы не күтуге болады?

Бішкекте демонстранттар 4 қазанда өткен парламенттік сайлау нәтижелеріне наразы болып, митингке шығады. Олар митинг кезінде Ақ үй мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына шабуыл жасады. Оппозиция халық үкіметін құруға ниетті екенін мәлімдеді.

Демонстранттар Президент Әкімшілігі мен парламент ғимаратына қақпалардың бірін ашып, ғимараттың ішіне кірді. Құқық қорғау органдары бұған кедергі жасамады.

Наразылық білдірушілердің бір бөлігі тұтқынға алынған экс-президент Алмазбек Атамбаевты, бұрынғы депутат Садыр Жапаровты және бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковты босату туралы талаптармен ҰҚК ғимаратына барды.

Демонстранттар ҰҚК ғимаратының қақпаларын жүк көліктерімен қағып, арнайы қызмет аумағына кіреді. Полиция шабуылға қатысушыларға ешқандай қарсылық көрсетпейді.

Сөйлесін сандар

2020 жылдан тағы не күтуге болады? Оны нумерологтің көмегіне жүгіну арқылы анықтамақ болдық. Нумеролог Диана Қазбек 2020 жыл күрделі және жаңа дәуірдің басын бастап тұрғанын айтады.

Карантин, жұмыссыздық, өрт, апат, қақтығыс. 2020 жылдан тағы не күтуге болады?

Әлем жаңа дәуірге еніп жатыр. Жақын арадағы 5-10 жылдың ішінде планетамыз бен адамдардың құндылығы өзгереді. 2020 жылдың қалған айлары алаңдаушылыққа толы болады. Әсіресе, осы күннен бастап 4 қарашаға дейін даулы оқиғалар туындауы мүмкін. Ондай жағдайды айналып өтіп, барлық маңызды істі қарашаның ортасына қалдырған абзал. Қараша мен желтоқсан айлары да жеңіл болмайды. Карантин қайта енгізілуі мүмкін. Адамдардың күйзеліске ұшырауына жаңа жағдай (жұмыс орындарының қысқаруы) туындауы мүмкін, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы