Карантин талабын бұзған екі түнгі клубтың қызметі тоқтатылды

22 Желтоқсан 2020, 16:48
2165
Бөлісу:
Карантин талабын бұзған екі түнгі клубтың қызметі тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары ойын-сауық мекемелерінің уақыт шектеулерін бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жүргізуде.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Alanya түнгі клубының (Манас к-сі, 9) қызметін 3 айға 100 АЕК әкімшілік айыппұлмен, сондай-ақ Janym Sol караоке-барын (Б. Майлин к-сі, 37А) 70 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салумен 1 айға тоқтатты.

Карантин шараларын бұзғаны үшін елордадағы бірқатар түнгі клубқа қатысты тағы алты материал сот қарауында. Бұған дейін жоғарыда аталған нысандарға бірнеше рет бұзушылықтарды жою туралы бұйрықтар берілген, - делінген Нұр-Сұлтан прокуратурасының хабарламасында.

Қызметті тоқтата тұру туралы сот актісі орындалмаған жағдайда, тәртіп бұзушыларға әкімшілік қамауға алу шаралары қолданылады.


Өзгелердің жаңалығы