Карантин. Түрлі қылмыс саны азайды

14 Сәуір 2020, 13:34
1390
Бөлісу:
Карантин. Түрлі қылмыс саны азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай режимін сақтау шаралары бойынша өткен онлайн-брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов айтты.

Полиция департаменті төтенше жағдай жұмысын жалғастыруда. Полиция мен әскери қызметкерлер бірлесіп, тәулік боы патрульде. Азаматтармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде, планшеттерге жаяу жүргіншілер мен көліктердің "үй-жұмыс" əдісі бойынша қозғалыс бағдарлары енгізілуде,-деді Ержан Сәденов. 
Департамент басшысы ұрлық, алаяқтық, бұзақылық жəне басқа да қылмыстар саны азайғанын мәлімдеді.
Жалпы алғанда, карантин кезінде қылмыс саны 34%-ға, аса ауыр қылмыс 43%-ға, ауыр қылмыс 32%-ға төмендеді. Оның ішінде ұрлық, алаяқтық, бұзақылық жəне басқа да қылмыстар саны азайды. Жол-көлік оқиғасының саны 76%-ға, зардап шеккендер 72 %-ға төмендеді. Ал, жол қозғалысы ережесін бұзғандар 67%-ға азайды,-деді ол.
Сондай-ақ, Ержан Сәденов кейбір азаматтардың айтылған ескертулерге құлақ аспай, карантин режимін сақтамайтынын айтты. Бүгінге деін түрлі құқық бұзушылық бойынша полиция бөліміне 2838 адам жеткізілген.
Оның ішінде 1770-сі əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Яғни, қамауға алынғандар сан -166, айыппұл салынғандар-1126, ескерту алғандар-408, соттың қарауында -70 іс жатыр.  Əкімдіктің коммуналдық тұрағына 588 көлік қойылды. 36 жүргізуші мас күйінде ұсталып жүргізу құқығынан айырылды, ал 67 жаяу жүргіншіге айыппұл салынса, -135 адам əкімшілік қамауға алынды. Блок-бекеттердің шекарасын бұзғаны үшін 174 азамат жауапқа тартылды, оның ішінде 124 адам қамауға алынды,-деді ол.


Өзгелердің жаңалығы