Карантин. Штаттық форматта оқитын мектептерге қандай талаптар қойылады?

17 Қаңтар 2022, 13:03
1617
Бөлісу:
Карантин. Штаттық форматта оқитын мектептерге қандай талаптар қойылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Білім беру ұйымдарында оқуды бастау туралы» тақырыбындағы брифинг кезінде штаттық форматта оқитын мектептер сақтауы тиіс шараларды атады.

Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Каримова штаттық форматта оқитын мекемелердің қандай санитарлық талаптарды сақтау керегіне тоқталды.

Ең маңыздысы – санитарлық талаптарды күшейту. Әрине мектеп, балабақша және мектептен тыс ұйым санитарлық талапты міндетті түрде күшейтілген тәртіппен сақтауы тиіс. Яғни уақытылы желдетуді, кварцтауды ұйымдастыру қажет. Сонымен қатар балалардың қолдарын да уақытылы жуғызу керек, - деп түсіндірді ол.

Сөзінше, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды мектепке қатысы бар барлық адам сақтауы тиіс. Яғни олар – мұғалімдер, ата-аналар, мектеп қызметкерлері.

Сонымен қатар қашықтықты сақтау, масканы уақытында ауыстыру, оны дұрыс тағу. Бұл – тек санитарлық талап қана емес, сонымен қатар тәрбиелік маңызы бар жұмыс, - деп айтты Каримова брифингте.

 

Өзгелердің жаңалығы