Шымкентте карантин енгізілгеннен бері 522 құқықбұзушылық дерегі тіркелген

10 Қыркүйек 2020, 05:38
1452
Бөлісу:
Шымкентте карантин енгізілгеннен бері 522 құқықбұзушылық дерегі тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте мобильді топ өкілдері күнделікті рейд жүргізу барысында 400-ге жуық жайтты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Олардың құрамында полиция департаментінің қызметкерлері мен Абай, Еңбекші, әл-Фараби, Қаратау ауданының жергілікті әкімдік өкілдері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және бар. 

Жалпы полицейлер халыққа бетперде тақпағаны үшін айыппұл салу кезінде үш рет ескерту жасап барып, хаттама толтырған. Бүгінде олардың саны 56 азаматты құрап отыр.

Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов карантин талаптарының сақталуы және құқық бұзу фактілерінің алдын алу бойынша БАҚ өкілдерімен апта сайын баспасөз-брифингін өткізіп келеді.



Өзгелердің жаңалығы