#Қарағандыоблысындажасалған: Жеңіс Қасымбек отандық өнімге қолдау білдірді

17 Қараша 2020, 16:24
1547
Бөлісу:
#Қарағандыоблысындажасалған: Жеңіс Қасымбек отандық өнімге қолдау білдірді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook-тегі парақшасында жазды.

Бүгін мен жергілікті тауар өндірушілерді қолдау үшін бірқатар пост cериясын бастағым келеді. Қазір облыста 3626 шағын кәсіпорын және 45 орта бизнес өкілдері өз өнімдерін шығарады. Көптеген отандас жергілікті өнімді пайдаланады, тіпті оларға басымдық береді деп сенемін. Жергілікті өнімдерді анықтаудың нақты белгілері болмаса да, бұл біздің салық төлеушілеріміз және біздің жұмыс орындарымыз екенін түсінуіңіз керек. Сондықтан мен #Қарағандыоблысындажасалған барлық іске мақтанышпен және үлкен құрметпен қараймын, - деп жазды әкім.

#Қарағандыоблысындажасалған: Жеңіс Қасымбек отандық өнімге қолдау білдірді

Ол Қарағанды облысы Абай өңіріндегі фабрикалар туралы сөз қозғап, мұнда Қазақстандағы ең ірі құс фабрикаларының бірі «Құрма» Агрофирмасы» орналасқанын атап өтті. 

#Қарағандыоблысындажасалған: Жеңіс Қасымбек отандық өнімге қолдау білдірді

#Қарағандыоблысындажасалған: Жеңіс Қасымбек отандық өнімге қолдау білдірді

Фабрика 1961 жылы құрылған және асыл тұқымды репродуктор болып табылады. Тауық жұмыртқаларының жылдық өндірісі 250 миллионнан астам дананы құрайды. Абайдағы «Волынка» ет комбинаты шұжықтар мен жартылай фабрикаттардың 170-тен астам түрін шығарады. «Волынка» өнімдерінің ассортименті тұтынушыларға 15 жылдан аса уақыттан бері белгілі, - деп жазды Қасымбек.

Оның айтуынша, Дубовка ауылында шұжықтар мен жартылай фабрикаттарды «М-Перспектива» ЖШС шығарады. Өңірдің өндірістік бағытын ескере отырып, бірнеше компания комбинезон тігеді. Оның ішінде тау-кен өндірісі кәсіпорындарының тапсырысы бойынша да. Бұлар – «Дедал» ЖШС, «Спецоптторг» ЖШС, «Еңбек-Қарағанды» РМК компаниялары. Аты аңызға айналған Абай тігін фабрикасы сыртқы, спорттық және күнделікті киімдердің үлгілерін жасайды. 

#Қарағандыоблысындажасалған: Жеңіс Қасымбек отандық өнімге қолдау білдірді

Абай өңірі өзінің нанымен де танымал. Нан-тоқаш өнімдерін шығарумен кәсіпкерлер Вера Напольская, Илгар Казымов, Лидия Гаража, Наталья Андреева, Айнаш Тыңғышева айналысады. Аймақтың бренді – «Топар жылыжайлары» ЖШС-да өсірілген көкөністер мен жемістер. Олар аса ұқыптылықпен және керемет сапамен «Шанс», «Астра-Агро ЛТД», «Поливное», «Сарыарқа», «Каймар» шаруа қожалықтарында өсіреді. Олардың көпшілігі облыстың Тұрақтандыру қорына өз өнімдерін жеткізіп, сол арқылы біздің азық-түлік қауіпсіздігімізді қамтамасыз етеді. Айтпақшы, сіздер Абай өңірінің өнімдерін Қарағандыда тұрақты түрде өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің бірінде көре аласыз. Бұл жобаның барлығы #Қарағандыоблысындажасалған. Ал сізден өз кезегіңізде өнімін сатып алатын жерлестеріңіз туралы айтуыңызды сұраймын, - деп қорытындылады ол.

Өзгелердің жаңалығы