Қарағанды саябағында өлі арыстанның денесі табылды

26 Маусым 2021, 04:45
5537
Бөлісу:
Қарағанды саябағында өлі арыстанның денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласының саябағында өлі арыстанның денесі табылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

25 маусымда Қарағанды қаласының Орталық саябағының аумағында жабайы жануар – арыстанның жерленген жері табылды.

Тәртіп сақшылары барлық жағдайды анықтап жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 316-бабы (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша қылмыстық іс тіркелген. 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Өзгелердің жаңалығы