Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді

13 Қыркүйек 2021, 11:29
5342
Бөлісу:
Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы есірткі қылмысына қарсы күрес және «Дәрмек» жедел алдын алу шарасының нәтижелері туралы өткен брифингте ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов айтты.

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді. ҰҚТ-ның 7 көшбасшысы 2020 жылдың тамыз айынан бастап интернет-ресурстар арқылы синтетикалық есірткілерді байланыссыз өткізумен айналысқан. Оларды 2021 жылғы қаңтар-наурыз аралығында ұстаған кезде жалпы салмағы 11 келі синтетикалық есірткі тәркіленді, - деді ол.

Ол атағандай, қылмыстық топқа қатысты ҚК-нің 297-бабы, 262-бабы 1-бөлігі және 2-бөлігі бойынша, сондай-ақ ҚК-нің 264-бабы («трансұлттық ҰҚТ») бойынша Халықаралық қылмыстық байланыстары бар ретінде қылмыстық істер қозғалды.

Ел ішінде есірткі құралдарын жеткізу арналарының жолын кесуге де ерекше көңіл бөлінеді. 7 тамызда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 37 жастағы азамат ұсталды, оны жеке тінту кезінде 2 килограмм гашиш тәркіленді. Қызметтік-іздестіру иттің көмегімен тінту барысында ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша Қосшы қаласында жабдықталған кэште салмағы 34 килограмнан асатын гашиш салынған 2 полиэтилен пакет алынды. Ұсталған азамат тәркіленген есірткіні елорда аумағында өткізуге ниеттенген, - деді Әмірханов.


Өзгелердің жаңалығы