Қарағанды облысында санитарлық бекеттер орнатылады

16 Қазан 2020, 20:45
1277
Бөлісу:
Қарағанды облысында санитарлық бекеттер орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды ​​облысында 19 қазаннан бастап сегіз санитарлық бекет қойылады, онда полиция қызметкерлері мен дәрігерлер кезекшілік етеді.

Бұл туралы «Сарыарқа» телеарнасындағы брифингте облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті жетекшісінің міндетін атқарушы Юрий Залыгин мәлімдеді.

Көршілес мемлекетте індет өршіп жатқанына байланысты алдын алу шарасы ретінде 19 қазанда сағат 00: 00-ден бастап облыста санитарлық бекеттер құру туралы шешім қабылданды. Сегіз санитарлық бекет орнатылады. Олар: Жезқазған, Ұлытау, Нұра, Осакаровка, Бұқар-Жырау, Қарқаралы аудандары мен Приозерскіде. Көлік жүргізушілері мен жолаушылардың денсаулық жағдайын дәрігерлер полиция қызметкерлерімен бірге тексереді. Дене қызуы тексеріледі, сұрақ-жауап алынады, – деді Юрий Залыгин. 

Тұрғын үй ғимаратына кіреберістерде, лифтілерде және автотұрақтарда күніне кемінде екі рет профилактикалық дезинфекция мен дымқыл тазалау жұмыстарын жүргізу қажет.

Ойын алаңдары мен аулалар күн сайын дезинфекцияланатын болады. 65-тен асқан адамдардың ауыл мен қала арасында емін-еркін жүруіне тыйым салынады.

Өзгелердің жаңалығы