Қарағанды облысында санитарлық бекеттер алынады

17 Желтоқсан 2020, 12:16
1525
Бөлісу:
Қарағанды облысында санитарлық бекеттер алынады

Алматы, BAQ.KZ.  Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 17 желтоқсандағы №46-қаулысына сәйкес облыстағы санитарлық бекеттер алынатын болды.

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ю. Залыгиннің жаңа қаулысы шықты. Бас дәрігер Қарағанды облысында COVID-19 ахуалы бойынша материалдарды қарастырып, облыспен шектесетін өңірлерде сырқаттанушылық төмендегенін ескере отырып қаулы еткенін мәлімдеді. 

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 қарашадағы №41-қ «Бұқар Жырау, Қарқаралы, Оскаров аудандарының аумақтарында орналасқан Қарағанды облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін санитарлық бекеттерді орнату туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын, - делінген жаңа қаулыда.
Аталған қаулы 2020 жылғы 18 желтоқсан сағат 00.00-ден бастап күшіне енбек.
Өзгелердің жаңалығы