Қапшағайда құтқарушылар марапатталды

1 Маусым 2021, 09:21
1355
Бөлісу:
Қапшағайда құтқарушылар марапатталды

Алматы, BAQ.KZ. Қапшағай құтқарушылары «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медальімен марапаттады. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысы ТЖД бастығы «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» ҚР ТЖМ медальдарын Алматы облысы ТЖ Департаменті Қапшағай өңірі Жедел-құтқару жасағының екі құтқарушысы Қоштаев Ринат Алтыбайұлы мен Байболат Мирас Алматұлына табыстады.

24 мамырда Қапшағай су қоймасы Қапшағай қалалық жағажайы ауданының жағалау желілерін патрульдеу кезінде құтқарушылар Қоштаев пен Байболат суға батып бара жатқан бір топ адамдарды байқап, жедел жүргізілген құтқару жұмыстарының нәтижесінде 2002-2004 жылдары туған бес жасөспірімді құтқарып, жағаға жеткізген. Олардың кейбіреулеріне дәрігерлер келгенше, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Өзгелердің жаңалығы