Қапшағай көлінде 5 адам құтқарылды

25 Мамыр 2021, 18:22
1229
Бөлісу:
Қапшағай көлінде 5 адам құтқарылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында бір топ адам суға батып кете жаздады. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

24 мамыр күні сағат 15.25-те Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қапшағай су қоймасын патрульдеу кезінде №6 қалалық жағажай маңында суға батып бара жатқан бір топ адамды байқады. Жедел жүргізілген құтқару жұмыстарының нәтижесінде жағалауға 2002-2004 жылдары туған 5 жасөспірім жеткізілді. Жасөспірімдердің бірі ес-түссіз күйде жеткізілді, реанимациялық іс-шаралар өткізілгеннен кейін қыз есін жиып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, - делінген хабарламада.

Кейін бұл жастардың Алматы қаласынан көлге демалуға келгені белгілі болған.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан төмендегі судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:

- Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз. Суға ішімдік ішкен күйде кірмеңіз;

- Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз және суға түспеңіз. Суда шомылушыларды ұстап алумен байланысты тентектікке жол бермеңіз;

- Қатты ағысы бар тік, жағалауларда, батпақты және өсімдіктермен толып жатқан жерлерде шомылмаңыз;

- Күшті ағыспен күреспеңіз. Оны жағаға жақындау үшін қолданыңыз. Ешқашан иірімдерге жүзбеуге тырысыңыз;

- Тоңып немесе қызып кетпеңіз. Егер судың температурасы + 18 С-тан төмен болса, шомылмаңыз;

- Жүзу тақталарын, бөренелерді, қолдан жасалған құрылғыларды пайдаланбаңыз;

- Жағадан алыс жерге үрлемелі матрастарда немесе баллондарда жүзбеңіз;

- Балаларға суға құлап кететін жерлерде ойнауға рұқсат бермеңіз;

- Шомылу кезінде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Өзгелердің жаңалығы