Қаңтардың 30-на арналған ауа райы болжамы

30 Қаңтар 2021, 09:30
1748
Бөлісу:
Қаңтардың 30-на арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаңтардың 30-ы күні Қазақстанның басым бөлігіне жоғары ауа қысым әсер етіп, күн жауын-шашынсыз болады.

Ал еліміздің батыс аудандарына Солтүстік-батыс циклонының жырасы әсерін сақтайтын болғандықтан, жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады, көктайғақ болады. Республиканың кей жерінде тұман түсіп, желдің күшейеді. 

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, түнде – көктайғақ, желдің күші 16 м/с. 

Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, желдің екпіні15-23 м/с жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жеінде жаяу бұрқасын, желдің екпіні 15-20 м/с жетпек. Ақмола, Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман болады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы