Қанат Исламның жекпе-жек алдында қарсыласы ауысты

19 Ақпан 2021, 22:37
1373
Бөлісу:
Қанат Исламның жекпе-жек алдында қарсыласы ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) Майамидегі (АҚШ) жекпе-жегі қарсаңында қарсыласы ауысты, деп хабарлайды Sports.kz.

Boxrec.com сайтының мәліметі бойынша Ислам эквадорлық Джейсон Миндамен (14-3-1, 8 КО) кездеседі. Орта салмақтағы айқас 10 раундқа жоспарланған. 

Еске сала кетейік, бастапқыда 36 жастағы қазақстандық боксшы ганалық спортшы Ободаи Саимен (35-3-1, 26 КО) жекпе-жек өткізуі керек еді. 

Соңғы рет Қанат Ислам рингке 2019 жылдың қазан айында шыққан болатын, ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен намибиялық Уолтер Каутондоквуды (18-2, 17 КО) жетіп, орта салмақта WBO International чемпионы титулын сәтті қорғаған еді.




Өзгелердің жаңалығы