Қанат Исламның келесі жекпе-жектері қашан өтетіні белгілі болды

21 Ақпан 2021, 16:33
2311
Бөлісу:
Қанат Исламның келесі жекпе-жектері қашан өтетіні белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) биыл тағы екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Sports.kz.

Бұл туралы The Ring телеарнасына берген сұхбатында 36 жастағы қазақстандық промоутер Нельсон Лопес айтып берді. 

Оның айтуынша, олардың маусым мен қыркүйек айларына жоспарланған күндері бар. Ал бұл шайқас неғұрлым ауыр жекпе-жектер алдында «қыздырыну» болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам 2019 жылдың қазан айынан бастап Уолтер Каутондоквамен (18-2, 17 КО) жекпе-жекте WBO International нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпионның белдігін қорғаған кезде рингке шықпаған болатын.

 Бүгін қазақстандық спортшы Майамиде (АҚШ) жекпе-жек өткізіп, эквадорлық Джейсон Миндуды (14-4-1, 8 КО) жетінші раундында нокаутқа жіберді.

Өзгелердің жаңалығы