Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Камеруннің батысында автобус жүк көлігімен қақтығысып, салдарынан 37 адам қайтыс болып, 18 адам зардап шекті.
Бұл туралы жергілікті органдарға сілтеме жасай отырып Аssociated Press хабарлады.
Қайғылы оқиға Немале ауылында болған. Ішінде 60 жолаушысы бар автобус Фумбан қаласынан ел астанасы Яундеге жол тартып бара жатқан. Автобус жолдағы бір топ адамды айналып өтпек болған кезде жүк көлігімен қақтығысып қалған.
Жолаушылардың көпшілігі рождестволық мерекелерден Жаңа жылды атап өту үшін туыстарының үйлеріне қайтып келе жатқан, - деп мәлімдеді жергілікті әкімшілік өкілі Абсалом Мононо Волоа.