Камбоджада әскери базада жарылыс болып, 20 сарбаз көз жұмды

29 Сәуір 2024, 05:27
302
Бөлісу:
Камбоджада әскери базада жарылыс болып, 20 сарбаз көз жұмды
Фото: news.am

Камбоджаның оңтүстік-батысындағы оқ-дәрі қоймасы бар әскери базада жарылыс болып, 20 сарбаз ажал құшты, деп хабарлайды BAQ.KZ Guardian-ға сілтеме жасап.

Тағы бірнеше әскер жараланғаны белгілі болды.

Сондай-ақ ғимараттар бүлініп, біреуінің шатыры жұлынған. Ал жаралы сарбаздар ауруханада ем алып жатыр.

Жергілікті тұрғындардың бірі бір ірі жарылыс бірнеге сағатқа созылған ұсақ жарылыстарға жалғасқанын айтты.

Үш қойма және бір жұмыс ғимараты бүлінген. Бірнеше әскери көлік істен шыққан. Сонымен қатар жарылыс 25 ауыл тұрғындарының үйлеріне де зиянын тигізді.

Өзгелердің жаңалығы