Калифорнияда 50 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

27 Қазан 2019, 11:42
1398
Бөлісу:
Калифорнияда 50 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өртке байланысты Калифорнияда жарық сөндірілді. Өрттің кесірінен енді 2,35 млн тұрғын жарықсыз қалып отыр.

Орман өртінің кесірінен 50 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Associated Press хабарлайды. 

Сонымен қатар өңірде екпіні 120 км/сағатқа дейін жететін жел көтерілмек. Сол себепті жарық сөндірілген. Калифорнияда орман өртінің салдарынан бірнеше мың адам қауіпсіз жерге көшірілгендігі туралы хабарланған еді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы қараша айында солтүстік Калифорнияда өрттің кесірінен 85 адам қаза тапқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы