Калифорнияда орман өрті өршіді

11 Маусым 2020, 07:16
1800
Бөлісу:
Калифорнияда орман өрті өршіді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті қайта өршіді. Бұған аймақтағы ауа райы себеп, деп хабарлайды 24.kz.

Тілсіз жау Сан-Франциско шығанағының маңындағы Суисан қаласында басталды. Ақпарат көздері қызыл жалын 7 тұрғын үйді күлге айналдырғанын хабарлайды. Уинтерс ауданы да зардап шекті. Жергілікті билік аймақта қауіптіліктің қызыл деңгейін жариялады. Мамандар өртті өшіру үшін арнайы техника мен тікұшақтарды жұмылдырды. Апаттан жарақат алғандар мерт болғандар жайлы ақпарат жоқ.

 

Айта кетейік, өткен жылы Калифорнияда 7 мыңға жуық орман өрті тіркелді. Салдарынан 100 мыңнан астам гегтар жер телімі мен 700-ден астам ғимарат жарамсыз күйге айналды. 3 адам мерт болды.


Өзгелердің жаңалығы