Қалада коронавирус жұқтырғандар саны төмендеп келеді – Пірәлиева

28 Тамыз 2021, 15:42
4271
Бөлісу:
Қалада коронавирус жұқтырғандар саны төмендеп келеді – Пірәлиева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қала әкімдігінің Facebook парақшасында өткен тікелей эфир кезінде қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева айтты.

Елорда бойынша коронавирустық инфекцияны жұқтыру көрсеткіші біртіндеп төмендеп келеді. Соңғы екі аптада тәулігіне ауырғандар саны 1000-нан азайды. Ал соңғы аптада тәулігіне орташа есеппен 650 жағдай анықталды, - деп айтты ол.

Жанна Пралиеваның сөзінше, 100 мың тұрғынға шаққанда ауру жұқтырудың апталық көрсеткіші 2,5 есе төмендеді. Науқастардың өсуі күніне 2,05%-дан 0,46%-ға дейін тіркеліп отыр.

Тамыз айындағы КВИ жұқтыру көрсеткіші шілде айымен салыстырғанда 35%-ға төмен. Ал екі апта бұрынғы жағдайды соңғы аптамен салыстырғанда жағдайлардың тіркелуінің 28%-ға төмендегенін байқап отырмыз. Мәселен, бір апта ішінде КВИ-дің 4 280 жағдайы тіркелді, ал алдыңғы аптада 6 017 жағдай болған, - деп атап өтті Жанна Пірәлиева.

100 мың тұрғынға шаққанда қарқынды көрсеткіш 360,1-ді құрады. Репродуктивтік саны 0,792.

Өзгелердің жаңалығы