Қабанбай-Лепсі автомобиль жолының бір бөлігін су шайып кетті

1 Мамыр 2021, 13:56
1422
Бөлісу:
Қабанбай-Лепсі автомобиль жолының бір бөлігін су шайып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алакөл ауданы аумағындағы облыстық маңызды бар Қабанбай-Лепсі автомобиль жолының 976 шақырымындағы айналмалы көпірдің бір жақ шетін таудан аққан өзен суы шайып кетті, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігі.

Қазіргі кезде «Алакөл жолдары» және «СПМ-306» мекмелерінен 1 дана кран, 2 дана Камаз, 2 дана тіркеу техникалары жұмылдырылып, көпірді қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. 

Аталған көпірдің құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

Сондай-ақ, жалпы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша Алматы қаласында 16 су басу жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 аумақта жұмыстар аяқталды. Жұмысты барлығы 57 адам, 15 техника, 1 сорғы станциясы мен 8 мотопомпа атқарды.  Екі аумақта жұмыстар әлі де жалғасуда. Ол - Бостандық ауданы,  Бағанашыл ықшамауданы мен Түрксіб ауданындағы Қайрат ықшамауданы.  

«Казселденқорғау» мәліметіне сәйкес: Үлкен Алматы өзені негізгі су деңгейі 201 см, шығын секундына 2,75 куб. Кіші Алматы  дамбысындағы су деңгейі 77 см, шығын 4,02 куб/сек. Су бөлгіштен Кіші  Алматыға 2 куб/сек дейін бағытталуда. Есентай өзені бойынша ақпарат нақтылануда, - делінген Алматы әкімдігі ақпаратында.

Өзгелердің жаңалығы