Күн сайын 400-ден астам азамат сауығып шығады – Көлгінов

21 Шілде 2020, 10:13
930
Бөлісу:
Күн сайын 400-ден астам  азамат сауығып шығады – Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов онлайн Үкімет отырысында айтты.

КВИ және пневмонияның клиникалық көрінісі бар науқастардың үйіне бару үшін 91 мобильді топ құрылды. Қосымша Telegram-бот ашылды. Ол бойынша жедел жәрдемге өтінім қабылданып жатыр. Тәулігіне орташа есеппен 200-ге жуық өтінім келіп түсіп жатыр. Карантин енгізілген сәттен бастап жедел жәрдемге жүгіну саны 4300-ден 2000-ға дейін төмендеді. Шақырулар саны тәулігіне 3 мыңнан 1400-ге дейін азайды. Екі есеге төмендеді, - деді ол. 
Көлгінов айтқандай, стационарлар жүктемесі 94 пайыздан 57 пайызға төмендеген. 
Стационарларда КВИ-мен емделіп жатқан адамдар саны 32 пайызға төмендеді. Ауруханаға жатқызылған адамдар саны 2 есеге азайғаны байқалады. Егер бұрын күніне 500-ге жуық адам ауруханаға жатқызылса, қазір ол 200-ге дейін азайды. Күн сайын  400-ден астам азамат сауығып шығады. Пневмония бойынша карантин басталғалы науқастар саны 33 пайызға азайды, - деді ол. 
Әкім дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылданып жатқанын айтты. 
Дестрибьютерлерге дәрі сатып алу үшін айналым қаражаты бөлінді. 1 аптада 80 тоннандан астам медициналық препараттың  2 млн топтамасы жеткізілді. Бүгін және ертең қажетті дәрі-дәрмек тиелген Ресейден 2 борт, Беларусьтан 1 борт келеді. Олар медициналық желілерге тең бөлініп, жеткізіледі, - деді ол. 
Көлгінов дәрі-дәрмекті қымбатқа сату бойынша 41 факті тіркелгенін айтты.
Олар жауапкершілікке тартылады. Полиция мен волонтерлар бірлесіп, саябақ пен қоғамдық орындарда маска тағу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Адам көп шоғырланған жерлерде дезинфекциялар жасалып жатыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы