K-Maestro. Астанада ерекше көрме басталды

14 Қараша 2023, 14:20
1124
Бөлісу:
K-Maestro. Астанада ерекше көрме басталды
Фото: автордан

Бүгін елордада «Nur alem» болашақ энергиясы музейінде K-Maestro корей дәстүрлі өнерінің көрмесі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Корейлердің дәстүрлі қолөнері мен музыкасын үйлестіретін K-Maestro дәстүрлі өнер көрмесін Корей мәдени орталығы мен «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы ұйымдастырды.

K-Maestro. Астанада ерекше көрме басталды

Көрменің ашылуында сөз алған Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжо Тэ-ик өзінің құттықтауын қазақ тілінде оқып берді.

Бүгінгі K-Maestro көрмесінің ашылуына қош келдіңіздер. Осы қойылым мен көрмені сәтті өткізу үшін ерекше атсалысқан барлық ұйымдастырушыға, әсіресе «QazExpoCongress» компаниясына, сондай-ақ Корей мәдени орталығының қызметкерлеріне, іс-шараны дайындауға еңбек еткен барлық адамдарға ризашылығымды білдіргім келеді. Сонымен қатар K-Maestro-да өнер көрсету үшін Қореядан Қазақстанға арнайы келген қонақтарымыз - каягым әртісі Лим Чжэин, пхансори әншісі Чжи Арым және пхансори барабаншысы Чой Чжэёнге ерекше құрмет білдіргім келеді, - деді дипломат.

Чжо Те-иктің сөзінше, K-Maestro Кореяның дәстүрлі мәдениетін, атап айтқанда, дәстүрлі музыка мен дәстүрлі қолөнерді біріктіреді. Корейдің дәстүрлі мәдениеті Кореяның K-Pop, телехикаялар мен фильмдерімен ерекшеленеді. 

Елші бүгінгі іс-шара қонақтарға корей мәдениетін тереңірек және толыққанды сезінуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

K-Maestro. Астанада ерекше көрме басталды

«QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Сансызбай Жолдасбаев көрме қатысушыларын қарсы алып, жылы лебізін білдірді.

Көрме Қазақстан мен Корея арасындағы өзара мәдени алмасу жылы аясында өтіп жатыр. Осы сияқты іс-шаралар екі елдің достығын насихаттап қана қоймай, сондай-ақ нығайтуға септігін тигізеді. Көрме қазақстандықтарды корей мәдениетімен таныстыру мақсатында өткізіліп отыр, - деді Сансызбай Жолдасбаев.

Бүгінгі іс-шара «Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара мәдени алмасу жылын» атап өтуге арналған.

K-Maestro. Астанада ерекше көрме басталды

Көрмеде корейлердің дәстүрлі қолөнері бойынша тоқу және сәндік металл бұйымдарды көруге болады.

Бүгін көрменің ашылу салтанатында қонақтар корей және қазақстандық әртістердің орындауындағы музыкалық қойылымды тамашалай алды. Келушілер қазақтың дәстүрлі аспабы жетігенде ойнаған қазақ әрістері мен корей ұлттық әні «Ариранды» орындаған корей әртістерінің бірлескен өнерін тамашалады.

Көрме бүгіннен бастап 3 желтоқсанға дейін өтеді.

K-Maestro. Астанада ерекше көрме басталды
Өзгелердің жаңалығы