Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. «Күлтөбе қалашығын» ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу жоспары іске асты ма?
BAQ.KZ тілшісінің осы сауалына Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлай брифингте Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры, жобаның ғылыми жетекшісі Андрей Хазбулатов жауап берді.Оның айтуынша, «Күлтөбе қалашығының» археологиялық объектілерін қайта қалпына келтірудің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Орталық Азия зерттеулерінің халықаралық институты айналысқан.
18 сарапшыдан тұратын жұмыс тобы құрылып, оның дүниежүзілік мәдени мұраға қосар үлесі жайлы ғылыми негіздемесі бар еңбек жасалды. Ол өткен жылдың шілде айында ЮНЕСКО-ның комитетіне жолданып, сәтті қорғалып шықты, - деді Хазбулатов.Андрей Хазбулатовтың айтуынша, «Күлтөбе қалашығы» ЮНЕСКО ұйымының Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің буферлік аймағанда орналасқан.
Қалашықтың жалпы аумағы 27 гектар. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи - мәдени қорық-мұражайының барлық қызметі мен «Күлтөбе қалашығында» жүргізіліп жатқан барлық археологиялық жұмыстар ЮНЕСКО –ның Дүниежүзілік мәдени мұралар комитетімен келісіледі. Нысанды қалпына келтіру жұмыстары басталмас бұрын ЮНЕСКО мен отандық сарапшылар Түркістанды дамытудың бас жоспарымен танысты, - деді Хазбулатов.Нысанды қалпына келтіру жұмыстары 2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістанды дамыту туралы тапсырмасынан кейін басталды.