Назарбаев Жоғарғы Соттың төрағасын қабылдады

10 Қыркүйек 2020, 21:13
1340
Бөлісу:
Назарбаев Жоғарғы Соттың төрағасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып Асанов Елбасына еліміздің сот жүйесін жаңғырту барысы туралы ақпарат берілді, деп хабарлады elbasy.kz сайты.

Кездесуде Жақып Асанов сот қызметінің сапасын жақсартуға және судьялардың жұмысына халықтың сенімін арттыруға бағытталған іс-шаралар туралы баяндады.

Атап айтқанда, Жоғарғы Соттың төрағасы қазіргі кезде «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында сот жүйесін реформалау бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын арттыруға бағытталған жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы