Көлгінов: Ұшақ апатында қаза болғандардың отбасына көмек көрсетіледі

27 Желтоқсан 2019, 12:08
6272
Бөлісу:
Көлгінов: Ұшақ апатында қаза болғандардың отбасына көмек көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов өзінің Тwitter-дегі парақшасында жазды. 

Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған ұшақтың апатта қаза болған азаматтардың туыстарына көңіл айтамыз. Әуежайда Кризистік орталық ашылды,төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл әрекет ету штабы құрылды.Тел: 24-52-12, 24-51-71. Елорда әуежайында психологиялық көмек көрсетілуде. Ұшақ апатында қаза болғандардың отбасына қажетті көмек көрсетіледі, сондай-ақ материалдық тұрғыда да, - деп жазды әкім. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды.  Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр.  

 

Өзгелердің жаңалығы