Көлгінов қар тазалауда жарақат алған жүргізушімен кездесті

28 Қараша 2019, 09:31
2461
Бөлісу:
Көлгінов қар тазалауда жарақат алған жүргізушімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтай Көлгінов №2 қалалық ауруханада болып, қар тазалау кезінде абайсызда жарақат алған "Астана Тазалық" коммуналдық техникасының жүргізушісімен кездесті.

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қала басшысы пациенттің денсаулығын сұрап, тез арада сауығып кетуін тіледі. Сонымен қатар, ауруханада оған білікті мамандардың көмек көрсетіп жатқанын атап өтті. 

Сондай-ақ ер адамға лайықты еңбегі үшін алғыс айтып, материалдық көмек көрсетілетінін айтты. ⠀ 

№2 қалалық аурухананың бас дәрігері Иван Лидің айтуынша, пациенттің денсаулық жағдайы тұрақты, ота еш асқынусыз өткен.

Өзгелердің жаңалығы