Көлгінов "Алтын шар" нысаны құрылысын тексерді

17 Тамыз 2020, 13:13
1155
Бөлісу:
Көлгінов "Алтын шар" нысаны құрылысын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов "Алтын шар" нысаны құрылысына барды. Бұл туралы әкім өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Жұмыс уақытына дейін "Алтын шар" нысаны құрылысын барып көрдім. Жұмысшылар санын көбейтуді, аумақты абаттандыруға кірісуді тапсырдым. Бұл үйдің құрылысын "GLB" үй құрылысы комбинаты аяқтайды. Мемлекет құрылыс комбинатының жұмысшылар мен кредиторлар алдындағы қарызын өтеуге көмек көрсетті. Бірқатар күрделі мәселе шешілді. Осы шешімнің бәрі "Алтын шар" нысанының құрылыс жұмыстарын қайта бастау үшін қабылданды, - деп жазды әкім.

Әкімнің айтуынша, үй құрылысы комбинаты әлеуметтік тұрғын үй құрылысына да тартылған. Артықшылығы - үйдің сапаға нұқсан келтірместен аз уақытта салып шығуға және шаршы метрдің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Өзгелердің жаңалығы