Көктөбедегі өрттен қаза болған адамның өліміне қатысты тергеу басталды

12 Тамыз 2019, 09:30
2119
Бөлісу:
Көктөбедегі өрттен қаза болған адамның өліміне қатысты тергеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция Көктөбедегі өрттен қаза болған адам өліміне қатысты тергеуді бастады. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінде хабарлады. 

«Сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрінде тіркелген қылмыстық іс аясында Алматы полицейлері қаза болған адамның кім екенін анықтап жатыр», - деп хабарлады полицияда.

Сот-медициналық және тағы басқа сараптамалық зерттеулер тағайындалған. Оның нәтижесінде адамның неден қаза болғанын нақ айтуға болады.

Өзгелердің жаңалығы