Көкшетаулық жұмысшылар берілмей келген жалақысын прокуратура көмегімен алды

4 Қараша 2019, 10:44
1704
Бөлісу:
Көкшетаулық жұмысшылар берілмей келген жалақысын прокуратура көмегімен алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау қаласының прокуратурасы бірқатар кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлеуге қол жеткізді, деп жазады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ақмола облысы прокурорының атына "Элеватормельмонтаж" ЖШС қызметкерлерінен алғыс хат келіп түсті, онда олар Көкшетау қаласы прокуратурасының қызметкерлеріне жалақы бойынша берешектерін төлеуге көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Сонымен, "Элеватормельмонтаж ПКФ" ЖШС-те 2017 жылдан бастап 24 қызметкердің алдында жалақысы бойынша 6,5 млн теңге сомасына қарыз пайда болды. Прокуратура қабылдаған шаралардың арқасында аталған қарызды толық көлемде өтеді. Сонымен қатар, "Имарко" ЖШС банкроттық кәсіпорынның (2017 жылдан бастап банкрот) қызметкері алдындағы 400 мың теңге сомасындағы мерзімі өткен берешегі өтелді. "Есіл ӘКК" АҚ-ның 53 жұмыскердің алдындағы 8,5 млн теңге сомасындағы ағымдағы қарыз да назардан тыс қалмады, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Көкшетау қаласының прокуратурасы мен мемлекеттік органдарының бірлескен күштері арқылы 3 кәсіпорынның 78 қызметкері алдындағы жалпы сомасы 15,5 млн теңге жалақы бойынша қарызы өтелді.

Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасуда және ерекше бақылауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы