Вакцинаның сапасына қатысты туындайтын сұрақ көп – Сәуле Бүркітбаева

11 Маусым 2020, 15:06
1523
Бөлісу:
Вакцинаның сапасына қатысты туындайтын сұрақ көп – Сәуле Бүркітбаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вакциналарды тексеру алдында біздің сарапшылар вакцина шығаратын өндіріске барып өндірістің жабдықтарын, олардың мүмкіндіктерін, барлық жағдайларын стандарттар мен алгоритмдер бойынша тексереді. Бұл туралы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығының координаторы, медицина ғылымдарының кандидаты Сәуле Бүркітбаева айтты. 

Мен Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығынан келіп отырмын. Вакциналарды тексеру алдында біздің сарапшылар вакцина шығаратын өндіріске барып, өндірістің жабдықтарын, олардың мүмкіндіктерін, барлық жағдайларын стандарттар мен алгоритмдер бойынша тексереді. Одан кейін барып сарапшылар вакцинаға берген құжаттардың, яғни эпидемиологиялық тиімділігін, иммуногендік қасиеттерін, клиникаға дейінгі клиникалық зерттеулердің, тіркеуден кейінгі зерттеулердің нәтижесіне берілген мәліметтерді дәлелдейтін құжаттарға талдау жасап, тексереді. Содан кейін барып біздегі ұлттық және халықаралық стандарттар бойынша аккредитациядан өткен Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығының зертханаларында тағы да тексеруден өтеді. Осы зерттеулердің қорытындыларына сүйене отырып мемлекеттік уәкілетті орган вакцинаны тіркеу туралы куәлік беруге шешім қабылдайды. Қазіргі таңда мемлекеттік дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізімінде еуропаның ірі өндірушілерінің (Бельгия, Франция, Нидерланды, Ресей, Қытай, Үндістан, Корея және Израиль) 64 вакцинасы тіркелген. Соның ішінде М.Айқынбаев атындағы карантиндік және зооноздық жұқпалар Қазақ ғылыми орталығында жасалған бір отандық вакцина бар. Қазақстанға келгенде әрі қарай да зерттеулер жүргізіліп жатады. Жаңа Елжан Амантайұлы айтып кеткендей, вакциналарды қолдану кезіндегі жағымсыз әсері туралы мәліметтер жинақталатын, талданатын және бағаланатын фармакологиялық бақылау және оларды қауіпсіз қолдануды бақылау жүйесі жұмыс істейді, яғни вакциналар Қазақстанға келгеннен кейін оның әр сериясына, топтамасына бақылау жүргізіліп отырады. Мониторинг барысында болатын жағымсыз реакциялар, барлық анықталған жағдайлар талданады, - деді ол.

Марина Александровна вакциналарды қолданған кезде болатын жанама жағымсыз әсерлері туралы айтып кетті. Олар вакцинаны қолдану нұсқауында барлығы жазылған, болжамдардың ішінде он науқастың біреуінде кездесуі мүмкін немесе он мың науқастың ішінде біреуінде кездесу мүмкін классификация бойынша жүктелініп, көрсетілген.

Тағы бір айта кететін жайт, Қазақстандағы вакциналардың басым көпшілігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дәрілік заттар преквалификациясынан өткен, тиесілі өндірістік стандарттарға сәйкес жасалынған вакциналар.

 

Өзгелердің жаңалығы