Көбейтұздың тұзын сатқандар бірнеше бап бойынша жауапқа тартылады

23 Шілде 2020, 14:36
1138
Бөлісу:
Көбейтұздың тұзын сатқандар бірнеше бап бойынша жауапқа тартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Карантиндік шараларды сақтау және олардың аралық нәтижелері туралы" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Ішкі істер министірінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты.

Заңсыз дәрі-дәрмек саудасы немесе дәрілік заттар орнына сатылып жатқан заттар фактісі әлеуметтік желілермен байланысты. Біз осындай қиын кезеңде ұртын майлап қалуға тырысатын сатушыларға дәл осы әлеуметтік желілер арқылы шығамыз. Көбейтұз көлінің тұзын дәрілік зат ретінде сатқан тұлғаларды анықтадық. Әкімшілік кодексте мұндай жағдайларға арналған тиісті бабтар бар және бұл адамдар бір емес, бірнеше баб бойынша жауапкершілікке тартылады. Ал, сатып алып жатқан адамдарды ешқандай жауапкершілікке тарта алмаймыз, - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Алексей Калайчиди елдегі демалыс орындары қызметін шектеуге қатысты мәселе қаралып жатқанын мәлімдеген болатын.


Өзгелердің жаңалығы