Демалыс орындары қызметін шектеуге қатысты мәселе қаралып жатыр

23 Шілде 2020, 14:06
2100
Бөлісу:
Демалыс орындары қызметін шектеуге қатысты мәселе қаралып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Карантиндік шараларды сақтау және олардың аралық нәтижелері туралы" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Ішкі істер министірінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты.

Карантиндік шаралардың бұзылу фактілерін анықтау бойынша мониторингтік топтармен бірге 4,5 карантин талаптарын бұзу фактісі анықталды. Олардың дені Алматы қаласы (801), Түркістан (682) және Алматы облыстары (512), сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында (159) тіркелген. Мысал ретінде келтіре кетсем, Қарағандыда карантин кезіндегі шектеулерге қарамастан «Спектр» атты түнгі клуб жұмыс істеген, нысанды тексеру кезінде 200-ге жуық адам болған. Бұл факт БАҚ-та жарияланды. Барлық құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды, - деді ол.

Калайчидидің айтуынша, үйде азаматтар көп жиналатын мерекелік және еске алу іс-шаралары әлі де жалғасуда. Бұл бағытта 30-дан аса адам жиналған 48 факті анықталған (мерекелік және еске алу іс-шаралары, әрқайсысы 24 фактіден).
Жақында Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне жер талғамайтын көлігімен заңсыз кіріп кеткен азамат туралы ақпарат тараған болатын. Бұған дейін медицина қызметкерлері, әкімдіктер мен құқық қорған органдары өкілдері карантин шаралары туралы талай айтып келсе де, заң бұзу фактілері тоқтар емес. Осыған байланысты қазіргі таңда демалыс орындарының қызметін шектеуге қатысты мәселе қаралып жатыр. Әр демалыс орны бойынша жеке шешім қабылданатын болады. Көбейтұз көліне екі блок-бекет қойылды. Қосымша патрульді экипаж бөлінді. Осылайша, санитарлық режим сақталмайтын әрбір демалыс орнының қызметі бойынша мәселе жеке қаралатын болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы