Израильдің Ливанның оңтүстігіндегі медициналық орталыққа жасаған соққысы салдарынан кемінде 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.
Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін.
Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу бойынша құтқару жұмыстары жалғасуда.