Израильде Нетаньяху үкіметіне қарсы наразылықтар өтті

Демонстранттар үкіметтің ішкі және сыртқы саясатына наразылық білдірген.

 AP Photo / Nathan Howard Бүгiн 2026, 05:18
Бүгiн 2026, 05:18
176
Фото: AP Photo / Nathan Howard

Израильдің бірнеше қаласында премьер-министр Беньямин Нетаньяху саясатына қарсы наразылық акциялары өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, ең ірі шеру Тель-Авивте ұйымдастырылып, оған шамамен 2 мың адам қатысты. Бұған дейін 250-ге жуық демонстрант Венгрия елшілігі маңынан «Хабима» театры алдындағы алаңға дейін шерумен барған.

Наразылық акциялары Иерусалим, Хайфа және Бершеба қалаларында да өтті. Иерусалимде шерулер полициямен қақтығысқа ұласып, қоғамдық тәртіпті бұзды деген күдікпен екі адам ұсталды.

Демонстранттар үкіметтің ішкі және сыртқы саясатына наразылық білдірген.

Наверх