Израиль – Ливан: 40 жылға жуық уақыттан кейінгі алғашқы диалог

Израиль мен Ливан 40 жылға жуық уақыттан кейін алғаш рет тікелей келіссөз бастады

 depositphotos.com Кеше 2026, 22:48
Кеше 2026, 22:48
135
Фото: depositphotos.com

Израиль мен Ливан АҚШ-тың делдалдығымен 30 жылдан кейін алғаш рет тікелей келіссөздер бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Келіссөздердің басталғанына қарамастан, Израиль Ливанның оңтүстігінде шабуылын жалғастыруда. Олардың айтуынша, бұл операция Хезболла содырларына қарсы бағытталған.

Вашингтон қаласындағы АҚШ Мемлекеттік департаментінде өткен кездесуде Ливан атынан елдің АҚШ-тағы елшісі Нада Хамаде, ал Израиль атынан елші Йехиэль Лейтер қатысты.

АҚШ әкімшілігі тарапынан келіссөздерге Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, сондай-ақ АҚШ-тың Ливандағы елшісі Мишель Исса, кеңесші Майкл Нидхэм және БҰҰ-дағы арнайы өкіл Майк Уолц қатысты.

Кездесу барысында шенеуніктер қысқа уақытқа фотоға түсіп, кейін жабық есік жағдайында келіссөздерді жалғастырды.

Марко Рубио бұл кездесуден үлкен нәтиже күтпеуге шақырып, оның «процестің бастамасы» екенін атап өтті.

Бұл мәселенің барлық күрделілігі алдағы алты сағатта шешілмейді. Бірақ біз алға жылжып, оң әрі тұрақты нәтижеге жеткізетін жағдай қалыптастыра аламыз, – деді ол.

Кездесуден не күтетінін сұрағанда, израильдік елші Йехиэль Лейтер: «Тек жақсы нәтиже күтемін», – деп жауап берді.

2 наурызда Хезболла тарапынан жасалған шекаралық шабуылдан кейін Израиль әскері Ливан аумағындағы әуе және құрлық операцияларын кеңейтті. Бұл 2024 жылдың қарашасында күшіне енген атысты тоқтату келісіміне қарамастан жүзеге асуда.

Ливанның денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, Израильдің әскери әрекеттері салдарынан кемінде 2089 адам қаза тауып, 6762 адам жараланған.

 

Наверх