Израиль карантинді толығымен алып тастамақ

24 Мамыр 2021, 12:30
1910
Бөлісу:
Израиль карантинді толығымен алып тастамақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израиль маусым айынан бастап пандемияға байланысты бұрын енгізілген барлық шектеулерді ел тұрғындары үшін алып тастайды. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп жазды DW.

Пандемия басталғалы бері алғаш рет Израильдегі барлық шектеулер 1 маусымнан бастап алынып тасталады, - делінген департамент хабарламасында.

Ал шетелден келген туристер үшін шектеулер күшінде қалады, тіпті коронвирус штамдарының елге кіруіне жол бермес үшін күшейтілуі мүмкін.

Израильде бес миллионнан астам адам (халықтың 55 пайызы) коронавирусқа қарсы вакцинацияның екі компонентін де алып үлгерді. Мейрамханаларға, барларға және спортзалдарға тек "жасыл төлқұжатпен" толықтай егілген немесе емделіп шыққандар ғана кіре алады. Маусым айынан бастап вакцинациядан өтпеген адамдар да бұл мекемелерге біртіндеп кіре алатын болады.

Израиль вакцинация бойынша әлемдік көшбасшы елдердің бірі. 2021 жылдың сәуір айының басында мұнда ересек тұрғындардың 80 пайызы егілді. Наурыз айында премьер-министр Беньямин Нетаньяху Израиль COVID-19-ды жеңген алғашқы ел болды деп мәлімдеді. Сонымен қатар, бұл ел сәуір айында қалыпты өмірге оралатынын айтқан еді.

Израильде халықты жаппай егу 2021 жылдың қаңтарында басталды. Мемлекет бұл үшін америкалық Pfizer препаратын сатып алды. Ең алдымен, вакцинация аға буын және созылмалы аурулары бар адамдарға берілді.

Өзгелердің жаңалығы