Израильде роботтандырылған омарта ойлап табылды

11 Тамыз 2021, 04:53
2388
Бөлісу:
Израильде роботтандырылған омарта ойлап табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді ара ұяларындағы барлық жұмысты адамның орнына ақылды техника атқаратын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жасанды интеллектімен басқарылатын құрылғы арқылы 2 млн араны қадағалау мүмкіндігі бар. Қалтықсыз жұмыс істейтін машина аралардың жай-күйін тексеріп, олардың әр әрекетін бақылауда ұстайды. Күдікті жағдай болса, дер кезінде ескертіп отырады.

Сонымен қатар омартадағы ауа температурасы мен ылғалдылық деңгейінің де бір қалыпта болуын қадағалайды. Жаңа технология арқылы омартаны қашықтан басқаруға да болады.

Ара бағушы істейтін барлық жұмысты осы роботтандырылған машина атқара алады. Омартаны мұқият тексеріп, араларды емдейді. Ол үшін арнайы дәрі қолданады. Сонымен қатар дайын балды жинап алады. Барлық іс жоғары деңгейде орындалады. Ең бастысы, машина шаршамайды, жұмысқа шағымданып, еңбек демалысына шықпайды, – дейді жаңа технологияны шығарған компания басшысы Саар Сафра.

Соңғы жылдары әлемде аралардың саны күрт азайған.
Бұған ауылшаруашылықта химиялық препараттардың көптеп қолданылуы мен климаттың өзгеруі себеп, - дейді мамандар.

Сондықтан араларға күнделікті күтім көрсету қажет.
Өзгелердің жаңалығы