Израильде он айда алғаш рет КВИ-ден бірде-бір өлім жағдайы тіркелмеді

25 Сәуір 2021, 19:20
1405
Бөлісу:
Израильде он айда алғаш рет КВИ-ден бірде-бір өлім жағдайы тіркелмеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильде 10 айда алғаш рет тәулік ішінде COVID-19-дан бірде-бір өлім жағдайы тіркелген жоқ. 

Бұған дейін 10 күн ішінде күнделікті өлім-жітім саны бес адамнан аспады, ал 22 сәуірде ол біреуге дейін азайды. Қазір Израиль әлемдегі вакцинацияның ең жоғары деңгейіне ие. Бейсенбіде елде вакцинаның екі дозасын қабылдағандардың саны 5 миллионнан асты. ⠀

Үндістан күніне алғаш рет коронавируспен ауыратындар саны бойынша әлемдік көшбасшы болды. Өлім деңгейі мен жұқтырғандардың жалпы саны бойынша ол АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Бұл ретте елде халықтың 10%-дан азы вакцинацияланды. ⠀

Германияда 300-ден астам қала мен округтерде карантиндік шаралар күшейтіліп, коменданттық сағат кешкі 10-дан бастап күшіне енеді. Қатаң шектеулер кем дегенде маусым айының соңына дейін қолданылады. Берлинде жағдайды вакцинация арқылы бақылауға алуға болады деп күтілуде. ⠀

Италияда кафелер мен мейрамханалар ашылуға дайындалып жатыр. Дүйсенбіде олар алғашқы келушілерді қабылдай алады. Бірақ әзірге тек террассаларда ғана рұқсат етілген.

Грецияда сенбі күнінен бастап сатып алушылар азық-түлік емес дүкендерге де кіре алады. Бұған дейін олар тек тапсырыс беру үшін жұмыс істеген. Енді сауданы бұрынғыдай жасауға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар шаштараздар мен сұлулық салондары жұмысы қайта жанданды.

Өзгелердің жаңалығы