Чехия халықаралық іздеуде жүрген ұлттық компания қызметкерін ұстап берді

7 Қазан 2019, 19:09
1268
Бөлісу:
Чехия халықаралық іздеуде жүрген ұлттық компания қызметкерін ұстап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иконников 2017 жылдың наурыз айынан бастап, халықаралық іздеуде болған, деп хабарлады Baigenews.kz.

Алматы прокуратурасы экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Чехия Республикасынан Сергей Иконниковты экстрадициялады.

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің бұрынғы басшысы С.Иконников оған сеніп тапсырылған көп мүлікті ұрлау дерегі бойынша күдікке ілінді.

Чехия Республикасының әділет министрлігі Қазақстан Республикасының аталмыш азаматты экстрадициялау жөнінде өтінімін қанағаттандырды.

Күдікті Алматы тергеу изоляторына жіберілді.

Айта кетейік, С.А. Иконников 2017 жылдан бері халықаралық іздеуде болған.

 

Өзгелердің жаңалығы