Іздеу жарияланған алаяқ Ресейде ұсталды

Алаяқтық жасаған күдікті Ресей Федерациясынан экстрадицияланды

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 10:39
Бүгiн 2026, 10:39
166
Фото: видеодан скриншот

ҚР Бас прокуратурасы бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

Тергеумен күдікті 2023 жылы интернет сайттарында шетелдік көліктерді сату туралы көрiнеу жалған жарнамалар жариялау арқылы жеті азаматтың ақшасын ұрлағаны анықталды.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылғы шілдеде ол Белгород облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - деп хабарлады Бас прокуратураның өкілі Саян Абденов. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда зейнеткерді ұрлаған үш адам ұсталды. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Германияда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ ресми сұрау жолдады

Кезекте жоқ 15 адам заңсыз пәтер алған: Ақтөбеде экс-шенеунік сотталды

Шымкентте көршілердің дауы сотқа жетті

Наверх