Шымкент қаласының ауданаралық азаматтық істер жөніндегі сотына қала тұрғыны шағым түсірді.
Оның айтуынша, көршілері «WhatsApp» мессенджеріндегі ортақ чатта өзіне және отбасына қатысты әдепсіз сөздер жазып, ар-намысына тиген. Шыдамы таусылған тұрғын соттан моральдық зиян өндіруді талап етті.
Сот шешімі және медиация
Сот процесі барысында судья тараптарға араздасқаннан гөрі, татуласудың әлдеқайда тиімді екенін түсіндірді. Нәтижесінде медиация тәртібімен келісім жасалды.
Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді. Оған сәйкес талап қоюшы өзінің талаптарынан бас тартты. Ал жауапкерлер талапты мойындап, талап қоюшыға мамыр айының соңына дейін 150 000 теңге төлеуге міндеттенді. Сот ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Сонымен қатар, талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды, - деп хабарлады Шымкент сотының баспасөз қызметі.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Тағы оқи отырыңыздар: