Украина мен Молдова ЕО мүшелігіне тағы бір қадам жақындады

Украина президенті Владимир Зеленский бұл шешімді «Еуропа үшін маңызды қадам» деп бағалап, серіктестеріне алғыс білдірді.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 07:14
Бүгiн 2026, 07:14
229
Фото: depositphotos.com

Еуропалық Одақ Украина мен Молдованың ұйымға қосылуы жөніндегі келіссөздердің алғашқы кластерін ресми түрде ашты. Бұл шешімді ЕО-ға мүше 27 мемлекет бірауыздан қолдады. Бұл туралы DW порталы жазды.

Бірінші кластер болашақ мүшелік үшін маңызды саналатын негізгі құндылықтар мен принциптерді қамтиды. Жалпы келіссөздер алты негізгі бағыт бойынша жүргізіледі, олар ондаған бөлімнен тұрады.

Қорытынды кезеңде Украина мен Молдованың ЕО-ға мүшелігі барлық мүше елдердің бірауыздан мақұлдауын қажет етеді.

Украина президенті Владимир Зеленский бұл шешімді «Еуропа үшін маңызды қадам» деп бағалап, серіктестеріне алғыс білдірді.

Украина мен Молдованың ЕО-ға кіруі жөніндегі ресми келіссөздер 2024 жылдың маусымында басталған. Бұған дейін процесс Венгрияның ұстанымына байланысты тежеліп келген болатын, алайда кейінгі саяси өзгерістер жағдайды өзгертті.

Наверх