Италияның Лампедуза аралына екі күнде жеті мың мигрант келген

15 Қыркүйек 2023, 09:27
550
Бөлісу:
Италияның Лампедуза аралына екі күнде жеті мың мигрант келген

Жерорта теңізіндегі Италия аралына Африка мен Таяу Шығыстан мигранттардың келуі тоқтамай, оларды сол жақтан Италияның басқа өңірлеріне тасымалдап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап жазды.

Италияның Лампедуза аралына осы аптадағы екі тәулікте Африка мен Таяу Шығыс елдерінен жеті мың мигрант келген.

Сәрсенбі күні аралда болған алты мыңнан астам адамның үштен бірі Италияның басқа аймақтарына жеткізілді. Жүздеген мигрант портта өзінің кезегін күтіп тұр.

Лампедузадағы 400 адамға арналған қашқындарды қабылдау орталығы келгендердің бәрін қабылдауға қауқарсыз.

Мигранттардың бір бөлігі порт маңында қалады. Кейде ол жақта жағдай шиеленісіп, мәселені италиялық полиция шешуге мәжбүр болады.

Жайлы ауа райы теңіз арқылы жүзіп өтуге ыңғайлы, бірақ осы аптада тағы бір кеме апатқа ұшырады. Тунистен кележатқан мигранттардың төрттен бірі мерт болды, Италия жағалауына заңсыз жетпек болған 20 адам құтқарылды.

Өзгелердің жаңалығы