Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким үй жануарларын тіркеу неге ақылы болатынын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Меншік иесінің міндеті сияқты, мүліктің иесі ретінде есепке алу шараларын қолдануға міндетті. Көлік сатып алғанда, сіз оны тіркейсіз. Мысық немесе ит сатып алғанда да оны өз есебіңізден тіркейсіз, - деп жауап берді Ким.
Сондай-ақ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы Талғат Ердешев 10 мысығы, 5-6 иті болса да есепке қоюы керегін айтады. Қоймған жағдайда иесі заң бойынша айыппұл арқалайды.
Бұл міндеттен жалтарғандар жауапқа тартылады. Себебі, адамдар өздерінің үй жануарларына жауапкершілікпен қарауы тиіс. «Әкімшілілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 407-1, 407-2-баптарында жеке тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. 1 жылдың ішінде есепке қоймағаны анықталған жағдайда айыппұл көлемі 2 еселенеді, - деді комитет басшысы брифингте.
Еске салайық, елімізде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға сәйкес, 1 қыркүйектен бастап мысықтар мен иттерге чип тағу және оларды арнайы есепке қою міндетті болмақ.
Еске салсақ, 1 қыркүйектен бастап үй жануарлары есепке алынатыны туралы жазған болатынбыз.