Асқар Жұмағалиев IT-компаниялардың басшыларымен кездесті

29 Қазан 2019, 11:19
1800
Бөлісу:
Асқар Жұмағалиев IT-компаниялардың басшыларымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев IT-компаниялардың басшыларымен кездесті. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

"IT-компаниялардың басшыларымен бірнеше нәтижелі кездесу өткіздім. Негізінен отандық IT-компаниялардың әзірлемелерін енгізу, мемлекеттік сатып алу саласындағы жүйелі проблемаларды шешу, сервистік модельді одан әрі дамыту және қолданысқа енгізілген Yellow Pages Rules туралы айтылды. "Helios Soft", "Takon.org" ЖШС, Samgau Холдингі мен "KazUAV" компаниясы басшыларының кездесуге бірнеше нақты ұсыныстармен келгені қуантты", - деп жазды ол.

Министр жақында IT-компаниялардың өкілдерімен кездесу үшін қосымша уақыт бөлуге дайын екенін айтқан болатын.

"Жақында IT-компаниялардың өкілдерімен кездесу үшін қосымша уақыт бөлуге дайын екенімді жазған болатынмын. Осы орайда, менің блог-платформамда іске қосылған жаңа сервистің елімізді цифрландырумен айналысуға ниетті мамандармен байланыстың тиімді құралы бола алғанына көз жеткіздім. Ортақ іс үшін күш - жігерді біріктіру мүмкіндіктерін де қарастырдық. Бүгінгі кездесуде ұсынылған жобалардың еліміздің IT-саласын одан әрі дамытуға оң әсер ететініне сенімдімін", - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы